Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2014.26.02 № 24 ҚАУЛЫСЫ

Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 Қаулысы

(2014.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8691 тіркелген, 2013 жылғы 1 қазанда «Заң газеті» газетінде № 147 (2348) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және2013 жылғы 23 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 26 ақпандағы

№ 24 қаулысымен бекітілген



Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру
қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін есепке алу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордың инвестициялық портфеліндегі және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку