Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот сарапшысының әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 304 бұйрығы

Сот сарапшысының әдеп кодексін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 304 бұйрығы

 

«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысының әдеп кодексі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған осы бұйрықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы 27 наурыздағы

№ 304 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Сот сарапшысы этикасының кодексі

 

1-тарау. Жалпы қағидалар

 

1. Қазақстан Республикасы сот сарапшысы этикасының осы кодексі (бұдан әрі - Кодекс) «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

2. Кодекс Қазақстан Республикасының сот сарапшылары басшылыққа алатын сарапшылық этиканың жалпы принциптері мен нормаларының жиынтығынан тұрады.

3. Сот сарапшыларының Кодекс қағидаларын білуіжәнесақтауы, олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібінің сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.

4. Осы Кодекстегі этикалық нормалар мен талаптар барлық сот сарапшылары үшін міндетті, олар оны бұлжытпай сақтауы тиіс.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку