«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 80 Қаулысы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 80 Қаулысы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 80 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 543 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік
саясаты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) дивидендтік саясаты (бұдан әрі - дивидендтік саясат) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қордың жарғысына және оның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.
Демо – версия документа