«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 8 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 8 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республика Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 8 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Демо – версия документа