(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.11 № 1403 ҚАУЛЫСЫ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қарашадағы
№ 1403 Қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару
кодексі
Мазмұны
1. Корпоративтік басқару қағидаттары
2. Директорлар кеңесі мен басқарманың тиісті жұмыс тәжірибесі
3. Жалғыз акционермен өзара іс-қимыл жасасу
4. Ақпаратты ашып көрсету және оның ашықтығы
5. Еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаттары мен практикасы
6. Іскер әріптестермен өзара іс-қимыл жасасу практикасы
Кіріспе
1. Осы құжатта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі -Кодекс) жазылған.
2. Осы Кодекстің мақсаттары Қордың корпоративтік басқаруды жетілдіру және жүйелендіру, Қорды басқарудың барынша ашықтығын қамтамасыз ету және Қордың тиісті корпоративтік басқару стандарттарын басшылыққа алуға үнемі дайын болуын растау болып табылады. Атап айтқанда:
Редакция документа
Демо – версия документа