«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 Қаулысы (2018.17.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 Қаулысы
(2018.17.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 584 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2018.17.04. № 200 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам):
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында зерттеулер жүргізу;
2) бизнес-жоспарлар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаматтамасын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 2018.17.04. № 200 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоғам жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
Документ утратил силу
Демо – версия документа