(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫН...
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам):
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында зерттеулер жүргізу;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын.
2. Қоғам жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
2) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
Редакция документа
Демо – версия документа