«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 128 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 128 Қаулысы
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Досмұхамбетов Н.М.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) бір апталық мерзімде осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 128 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. «Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4809 тіркелген).
Демо – версия документа