«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1013 Жарлығы (2023.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
(2023.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 15 қыркүйек
№ 1013
Президентінің
2022 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1013 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 Жарлығында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күнін белгілеу туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі болып саналсын.».
2. ҚР Президентінің 2023.25.08. № 312 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығында:
Демо – версия документа