(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒ...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-бабының 31-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бактериологиялық тесттерді іріктеу актісінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес био тестілерді іріктеу актісінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шайындыларды іріктеу актісінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес су үлгілерін іріктеу актісінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сынамаларды (ауаны (ауа ортасын бактериологиялық зерттеу), дәрілік нысандарды, зарарсыздыққа, полимер және басқа да материалдар үлгілерін, олардан жасалған бұйымдарды, химиялық заттар мен композицияларды, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді) іріктеу актісінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес топырақ үлгілерін іріктеу актісінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес зерттеу жүргізуге тамақ өнімдерін іріктеу актісінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес радиобелсендiлiкті зерттеуге үлгілер алу актісінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес дезинфекциялайтын заттардың сынамаларын алуактісінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес зоонозды және аса қауіпті инфекцияларға микробиологиялық зерттеуге үлгі алу нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес кенелерді (буынаяқтыларды) жинау актісінің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайларын эпидемиологиялық тексеру актісінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес вирусологиялық зерттеуге жіберу жолдамасының нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес дезинфекциялау камерасына жолдамасының нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа