(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы
(2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы;
3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен);
4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қазанның 13-і.
№ 563
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - Бас прокуратура) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы.
Редакция документа
Демо – версия документа