Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына біржолғы өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 102 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына біржолғы өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 102 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу қағидалары;

2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер қайтыс болған немесе қаза тапқан кезде оларды жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 9 ақпандағы

№ 102 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда оған біржолғы өтемақы төлеу

Қағидалары

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку