«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);»;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 9-қосымшамен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 13-қосымшамен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа