(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 Қаулысы
(2016.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Примьер Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1575 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
157-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеңсе Үкімет қаулыларын және Премьер-Министр өкімдерін Әділет министрлігіне жіберген кезде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды ілеспе хатта көрсетеді.».
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа