(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ ҚОРЫН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИД...
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.САҒЫНТАЕВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 13 қазандағы
№ 589 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (бұдан әрі - МЭАҚ) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. МЭАҚ-ты жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым (бұдан әрі - ведомстволық бағынысты ұйым) жүзеге асырады және ол экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ғылыми зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.
Редакция документа
Демо – версия документа