«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 570 бұйрығы (2024.16.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 570 бұйрығы
(2024.16.11. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.31.10. № 505-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Демо – версия документа