«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 931 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 931 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
21) тармақша алып тасталсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) республикалық бюджеттің, облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдерді көрсету тәртiбін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 357) тармақшамен толықтырылсын:
«357) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну; Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің қорғалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;»;
ведомстволардың функцияларында:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа