(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.13.07 № 710 ҚАУЛЫСЫ
«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 710 қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан жарғылық капиталдың 100%-ы (жүз пайызы) мөлшерінде «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) акцияларының пакетін алсын;
2) Университеті акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берсін;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 13 шілдедегі
№ 710 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа