Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Полиция департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 54-қосымша) (2024.06.03. берілген өзгерістермен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен 54-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.11.04. № 287 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

54-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Полиция департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

(2024.06.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Түркістан облысының Полиция департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департамент егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

ҚР Ішкі істер министрінің 2024.06.03. № 213 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции