«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 939 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 939 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 1090 қаулысы;
2) «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 69-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 939 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
Демо – версия документа