«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру » мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына 3-қосымша) (2018.05.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 46 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 948 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
(2018.05.01. берілген өзгерістермен)
1 Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018.05.01. № 24 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік корпорация және порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) минут.
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (автоматтандырылған).
Документ утратил силу
Демо – версия документа