(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ТІРКЕУ (ҚАЙТА ТІРКЕУ) ТУРАЛЫ, ОЛАР...
Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 46 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
3-қосымша
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
(2016.28.01. берілген өзгерістермен)
1 Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
1) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3) Министрлік.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік корпорация және порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 (жиырма) минут.
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы анықтама және мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы анықтама.
Редакция документа
Демо – версия документа