(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.27.03 № 237 БҰЙРЫҒЫ
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 27 наурыз
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 237 бұйрығымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа