Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ...

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті:

1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;

2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне берсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку