«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 194-ө өкімі
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 194-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша):
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 194-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындаумерзімі | Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Демо – версия документа