(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2009.16.03 № 134 ...
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 9-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
2) Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
2. Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 21 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі __________ Г. Абдыхалықова 2009 жылғы «____»
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ____________ Ж. Түймебаев 2009 жылғы «____»
|
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы біліктілік талаптар денсаулық сақтау саласындағы мынадай әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:
Редакция документа
Демо – версия документа