(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРАДА ДАЯРЛАУДЫҢ КЛИНИКАЛЫ...
Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығы
(2015.18.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.18.05. № 362 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.18.05. № 362 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі;
2) Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.18.05. № 362 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар
тізбесі
1. Терапия
2. Жалпы дәрігерлік практика
3. Хирургия
4. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013.06.05. № 269 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Педиатрия
6. Акушерлік және гинекология
7. Стоматология
Редакция документа
Демо – версия документа