Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ТАҒАЙЫНДАЙТЫН НЕМЕ...

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 Қаулысы

(2019.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1348 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже.

3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келісім бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы;

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 101 өкімі.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку