(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘСIПТIК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Кәсiптiк одақтар туралы
(2016.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;
2) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған жүйесі;
3) бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жергілікті кәсіподақ - ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі;
Редакция документа
Демо – версия документа