«Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 476 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 476 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 120/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу
үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызметінің регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезеңнен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Документ утратил силу
Демо – версия документа