«Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 877 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 877 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 120/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін
техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. «Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен көрсетіледі.
Мемекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал);
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Компьютер жүйесінің бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру (бұдан әрі - қорытынды).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ утратил силу
Демо – версия документа