(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АВТО...
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 375 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 79-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы И.В. Лепехаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2020 жылғы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 375 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары автокөлік
бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа