«Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 790 бұйрығы (2016.12.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 790 бұйрығы
(2016.12.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.12.01. № 11 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.12.01. № 11 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа