Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.25.09 № 1017 ҚАУЛЫСЫ

Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 366-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 435 492-қүжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 1017 қаулысымен бекітілген



Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
құрылатын ұйымдар мен объектілердің
тізбесі

 

1. Мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөніндегі ұйымдар мен объектілер:

1) мұнай өндіру жөніндегі объектілер:

өнімділігі тәулігіне үш жүз тоннаға дейін — жолға шығатын техникасы жоқ;

өнімділігі тәулігіне үш жүз тонна және одан көп — жолға шығатын техникасы бар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку