Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.07 № 712 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 Қаулысы

(2015.02.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. Мыналар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Өрт сөндіру қызметі және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы «Өрт сөндіру қызметі және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;

2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелері оларға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку