«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 122 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 122 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;»;
30), 37), 40) және 46) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз ету;»;
«37) басқа тұлғалардың өтініші бойынша сотқа олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, сол сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 55-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгіну;»;
Демо – версия документа