Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.12 № 1524 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 Қаулысы

(2015.24.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

C. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1524 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

 

1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку