(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕ (ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН КЕМЕ) ИПОТЕКАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК Т...
Осы редакция 2018 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 558 бұйрығына
1-қосымша
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.28.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметтi Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жүгінген күні жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекті күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз түрінде кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті беру немесе осы стандартының 11-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа