(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ БӨЛІМ...
Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 498 бұйрығына
4-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі
(экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу
қағидалары мен шарттары
1. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасудың осы қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
3. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарды қоспағанда, Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарына конкурстан тыс орналасуға құқығы бар.
4. Құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде құқық қорғау органы қызметкерінің конкурстан тыс негізде бос лауазымға орналасуы ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда және оның келісімімен ауыстыру тәртібінде жүзеге асырылады.
5. Бос лауазымға конкурстан тыс іріктеу арқылы орналасуға үміткер кандидаттар осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына қызметке конкурстан тыс іріктеу арқылы қабылдау туралы өтініш береді.
Редакция документа
Демо – версия документа