(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК Қ...
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 543 қаулысына
қосымша
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
дивидендтік саясаты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты (бұдан әрі - дивидендтік саясат) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қор) жарғысына және оның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді және қордың стратегиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Редакция документа
Демо – версия документа