«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 165 Жарлығы (2023.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) кейбір мәселелері туралы
(2023.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) көзделген бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Әскери соттың әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) қарамағындағы аумақтық органдар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
4. ҚР Президентінің 2023.19.01. № 106 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында тіркелуін және қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 11-і.
№ 165
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 165 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ
Демо – версия документа