(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛ...
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 Қаулысы
(2017.24.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - «Құқықтық актілер туралы» Заң) 21-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың келісілу тәртібін айқындайды.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары (бұдан әрі - қаулы жобалары);
Редакция документа
Демо – версия документа