«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 91 бұйрығы (күші жойылды)
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 91 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11314 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа