«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығы (2017.30.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығы
(2017.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.30.11. № 908 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен затттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа