Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН ...

Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 20 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Еңбек және халықты әлеуметтік

 қорғау министрі

 

 

С. Жакупова

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2024 жылғы 31 қаңтардағы

№ 20 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу

қағидалары

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку