(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.31.12 № 1520 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Бағдарлама Паспорты» деген 1-бөлімде:
«Бағдарламаның міндеттері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның міндеттері | 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау 2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру 3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету 4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту»; |
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды.»;
он бірінші бөліктегі «экспорттаушы - өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер» деген абзац алынып тасталсын;
он екінші бөліктің екінші абзацындағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
бірінші бөлікте:
«үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.».
Редакция документа
Демо – версия документа