Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚРҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2015.07.04 № 315 БҰЙРЫ...

Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 7 сәуірдегі

№ 315 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

 

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау:

көрсетілетін қызметті беруші;

көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

Дайын құжаттарды беру:

көрсетілетін қызметті беруші;

ХҚКО арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты:

көрсетілетін қызметті берушіде - 30 (отыз) минут;

ХҚКО - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты:

көрсетілетін қызметті берушіде - 30 (отыз) минут;

ХҚКО - 15 (он бес) минут;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку