«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына 2-қосымша) (2019.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2016.26.02. № 182 бұйрығымен мемлекеттік қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ
адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру»
мемлекеттік қызметінің регламенті
(2019.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.19.02. № 136 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беру рәсімін айқындайды.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.24.01. № 45 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа