«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 569 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 569 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10227 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2015 жылғы 1 тамыздағы № 145 (28021); «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 1 тамыздағы № 145 (28623) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Аудиобейнетіркеуіштің деректерін беру, есепке алу және сақтау тәртібі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ІІО бөлінісінің (ҰҰ әскери бөлімінің) басшысы жазба күні мен уақытын өзгертуге, бейнеге рұқсатты, жазбаларды бейнетіркегіштен файлдарды жоюды, көшіруді, қабылдауды, шығаруды және сақтауды, сондай-ақ жазылған жазбаларды қарауды және талдауды жүргізетін жауапты адамды тағайындайды. Бұл ретте, деректерді сақтау серверіне арнайы пароль қойылады, оны жауапты адам және ІІО бөлінісінің (ҰҰ-ның әскери бөлімінің) басшысы (командир) ғана біледі.»;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа