Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығы (2023.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығы

(2023.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының және оқу орындарының бастықтары:

1) жеке құраммен жауынгерлік және қызметтік даярлық жүйесінде осы Нұсқаулықты кейіннен сынақтар қабылдай отырып зерделеуді ұйымдастырсын;

2) ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерінің және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің Нұсқаулық талаптарын орындауын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз өнімдерінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции